Сенат сайлауы: Алматылық депутаттар Сұлтанбек Мәкежановқа дауыс берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сенат депутаттарының сайлауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау 30 депутаттың қатысуымен өтті. Олардың барлығы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановқа дауыс берді.

Айта кетейік, Алматы қаласынан үш үміткер болды. Олар: Андрей Захаров, Тимур Нұртаев және Сұлтанбек Мәкежанов.

Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанованың айтуынша, бүгінде қалада 32 депутат бар.

Дауыс беру нәтижелері хаттама негізінде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

Сонымен бірге, мәслихат депутаттары аудан әкімінің кәсіби шеберлігі мен басшылық қызметтердегі тәжірибесін жоғары бағалады.


Соңғы жаңалықтар