Сенат Қазақстан мен көрші елдер шекараларының түйісу нүктесіне қатысты құжатты қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы жөніндегі шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шарттың басты мақсаты - үш мемлекет шекараларының түйісу нүктесінің орналасқан жерін айқындау.

«Үш мемлекет шекарасының түйісу нүктесі Үстірт аумағында орналасқан. Түйісу нүктесінің орналасқан жері және шекара сызығының өтуі - шарттың ажырамас бөлігі. Шарт мерзімсіз әрі денонсациялауға жатпайды. Құжаттың күшіне енуі үш мемлекет шекараларын делимитациялау процесінің аяқталуына, аумақтық даулардың туындауының алдын алуға, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді», - дейді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Осы орайда ведомство басшысы  бұл шарт Қазақстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялауды толығымен аяқтайтын соңғы құжат екенін қадап айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау» туралы Заңы қабылданды.

 

Соңғы жаңалықтар