+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Сенат кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғайтын заңды қабылдады

2021 жылғы 24 маусым 12:25
Бөлісіңіз:
Сенат кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғайтын заңды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин талаптарын бұзғандар жыл басынан бері 1 жарым млрд теңге айыппұл төлеген

Заң жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасады.

Құжаттың негізгі міндеті - Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерге, «Прокуратура туралы» және «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Тұтастай алғанда, заң жобасының нормалары азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға, прокуратура қадағалауын кәсіпкерлер проблемаларын тиімді шешуге қайта бағыттауға, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан кепілдіктерді күшейтуге, сондай-ақ бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы күреске мүмкіндік береді.

«Бұл Заң Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатымен қабылданып отыр. Соған сәйкес, кәсіпкерлермізді рейдерліктен және құқық қорғау мен бақылаушы органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау үшін қосымша жүйелі шаралар қабылданды. Қабылданған түзетулер алдағы уақытта кәсіпкерлікті ынталандыруға және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуге арналған қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT