+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Сенат электрондық паспорттар жүйелер бойынша Арменияға қатысты құжатты қабылдады

2020 жылғы 19 наурыз 12:30
Бөлісіңіз:
Сенат электрондық паспорттар жүйелер бойынша Арменияға қатысты құжатты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Арменияның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Автомобиль жолдары саласында 130-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген Қазақстанда жаңа автокөлікті онлайн тіркеуге болады Алматыда көлік қозғалысы бес есеге азайды

Осы хаттамамен Армения келісімге қосылады және электрондық паспорттар жүйесін енгізу бойынша міндеттемені өзіне алады. Келісім бірыңғай кеден аумағында көлік құралдарының, өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің еркін айналысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға ықпал етеді.

«Сонымен қатар, құжат ЕАЭО мемлекеттерінің аумағында өндірілген және тіркеуге жататын көлік құралдары мен техниканың басқа да түрлеріне берілетін паспорттарының бірыңғай әрі оның ішінде электрондық нысандарын қолдау мәселелерін реттейді. Осы келісімді іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2015 жылдың 22 қыркүйегіндегі шешімімен электрондық паспорттар жүйесінің жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ көлік құралдарының және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын рәсімдеу тәртібі мен құрылымы бекітілді», - ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Аманияз Ержанов.

Айта кетейік, 2019 жылғы 13 мамырда ҚР Үкіметінің қаулысымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы болып анықталды. Ол Қазақстан аумағында жүйенің жұмыс істеуін әрі жүйенің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылын толық қамтамасыз етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Армения, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT