Сенат ЕАЭО ауқымында нарықтардағы бәсекелестікке қатысты құжатты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хаттама ЕАЭО-ның қолданыстағы құқығындағы олқылықтарды жоюды, сондай-ақ Шарттың жекелеген ережелерін нақтылауға арналған түзетулерді көздейді. Аталған түзетулер негізгі үш блоктан тұрады. Біріншіден, бәсекелестік саласындағы өзгерістер. Бұл трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына жол бермеу үшін ескерту беруді және алдын ала ескерту шығаруды қарастырады», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Өзгерістердің екінші блогы Еуразиялық экономикалық комиссияға энергетика, техникалық реттеу, макроэкономика, бәсекелестік және ветеринария салаларында қосымша өкілеттіктер беруді көздейді.

Бұл өкілеттіктер Еуразиялық экономикалық одақ аясында қол қойылған халықаралық шарттардың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың салдары болып саналады. Жалпы, қосымша өкілеттіктер Комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, Техникалық реттеу саласында Комиссия Кеңесіне мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдардың өзара салыстырмалы бағалауды жүзеге асыру тәртібін бекіту бойынша өкілеттіктер беріледі.

Сондай-ақ, Комиссияның өкілеттіктері Шартта көзделген, бірақ оларды іске асыру тәртібі реттелмеген жағдайлар бойынша қолданыстағы нормаларды нақтылауға бағытталған түзетулер де бар.

«Үшіншіден, техникалық түзетулер ескерілген. Еуразиялық экономикалық одақ аясында тараптардың тұрақты практикалық өзара іс-қимылы нормаларды неғұрлым толық және дұрыс қолдану мақсатында Шарттың жекелеген бөліктерін түзету қажеттігін анықтады. Бұл негізінен олқылықтарды жоюға және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт ережелерінің редакциясын нақтылауға бағытталған техникалық сипаттағы түзетулер», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар