Сенат асыл тұқымды мал шаруашылығы дамытуға қатысты құжатты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келісім мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымды жұмыс жүргізу тәртібін реттейді және Еуразиялық экономикалық одақ аясында асыл тұқымды мал шаруашылығы нарығын дамытуға және өзара саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған.

«Келісімді әзірлеу жұмысы 2014 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысы аясында жүргізілгенін, жұмыс тобының ескертулерін ескере отырып, пысықталғанын атап өткен жөн. Келісім асыл тұқымды мал шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Келісімнің ұғымдық аппаратында «асыл тұқымдық өнім», «асыл тұқымдық құндылық», «асыл тұқымдық жануар», «селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс» және «ауыл шаруашылығы жануары» сияқты терминдер біріздендірілген және нақтыланған», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу кезінде мүше мемлекеттерде асыл тұқымдық өнім өндіру саласындағы бірыңғай талаптарды қолдану мақсатында Келісімде мыналарды біріздендіру көзделеді:

1. Асыл тұқымды жануарлардың тұқымын (тұқымдығын) анықтау тәртібі (бұл ретте жаңа тұқым шығаруда туыстас тұқымдар тізбесі келісіледі);

2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларының шығарылған жаңа типтерін, желілері (тұқымдары) мен кростарын байқаудан өткізу тәртібі (жаңа тұқым шығарудағы жұмыстарды біркелкі ету қамтамасыз етіледі);

3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің асыл тұқымды өніміне молекулалық генетикалық сараптама жүргізу ережесі (ДНК зерттеулерін жүргізу біріздендіріледі);

4. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жүргізілетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету тәртібі ;

5. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында және үшінші елдерден әкелу кезінде алмастыруға жататын асыл тұқымды жануарлар мен селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер құрамы.

6. Жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемелері.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығында, мүше мемлекеттерде инновациялық технологияларды, оның ішінде геномдық селекцияны әзірлеу және енгізу мақсатында Келісімде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай тәртіпті белгілеу көзделеді. Селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асырады, талдамалық қамтамасыз ету ғылыми-зерттеу ұйымдарына беріледі. Сондай-ақ, Келісімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымды мал және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтермен алмасуы көзделеді», - С. Омаров.

Келісімді ратификациялау: ЕАЭО аясында селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді оңтайландыруға, мал шаруашылығындағы селекция мен асыл тұқымдық жұмыстың дамуын қамтамасыз етуге, отандық асыл тұқымды өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар