Семейлік жастар 15 адамды өрттен құтқарған бейбіт күннің батырымен кездесті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Қуандық Қанатовпен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ефрейтор Қуандық Қанатов түн жарымында қызыл жалын шарпыған жатақхана ішінен 15 адамды құтқарып қалған. Осы үшін ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бейбіт күннің батыры «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы да атанған.

Радиотехника және байланыс колледжінің студенттерімен кездесу барысында Қуандық сол оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

«Бәрі қас қағым сәтте өте шықты. Ойланбастан көмекке ұмтылдым. Менің орнымда кім болса да солай істер еді. Жатақхана тұрғындарының басым бөлігі қарттар мен балалар болатын», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар