Семейлік мұғалім әлемдегі ең үздік 50 ұстаздың қатарында 1 млн доллар үшін бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Семейлік физика пәнінің оқытушысы Асхат Жұмабеков Global Teacher Prize халықаралық сыйлығының финалистер тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қоғамдық маңызы бар бастамалар қорының өкілдері мәлім етті.

«Семей қаласының оқытушысы, физика пәнінің мұғалімі Асхат Жұмабеков Varkey қоры тағайындайтын Global Teacher Prize халықаралық сыйлығының финалистер тізіміне енді. Асхат Жұмабеков 2019 жылы «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту» қоры ұйымдастырған National Teacher Prize Kazakhstan-2019 ұлттық сыйлығының финалисі болған еді» деп жазылған Қоғамдық маңызы бар бастамалар қорының Instagram парақшасында.

Асхат Жұмабеков әзірге аталмыш жаһандық сыйлықтың финалистері тізіміне енген алғашқы қазақстандық. Егер бұл жолы топ жарса, 1 млн долларлық сыйақыға ие болады.

Қазақстандық ұстаздың бұл сындағы басқа қарсыластары туралы мәліметті және Асхат Жұмабековтің еңбектерімен Global Teacher Prize сайтында толығырақ танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар