Семейдегі музейде «Ақын жүрек» атты көрме ашылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың шоқтығы биік ақындарының атаулы күндеріне орай «Ақын жүрек» атты көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл Жабаев, Әріп Тәңірбергенов, Ақылбай Құнанбаев, Көкбай Жанатаев, Шәкір Әбенов, Қасым Аманжолов және Тұрсынхан Әбдірахманова – қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қаламгерлер. Көрмеде олардың өмірлік және шығармашылық жолдарынан сыр шертетін материалдар ұсынылған. Ал экспозицияның басты ерекшелігі – Шәкір Әбеновтің өзі киген шапаны болды. Оны жазушының туыстары музейге әкеліп табыстады.

«2021 жыл атаулы даталарға толы. Биыл біз Тұрсынхан Әбдірахманованың жүз жылдық мерейтойын, Қасым Аманжоловтың 110 жылдығын, Шәкір Әбеновтің 120 жылдығын, Көкбай Жанатайұлының 160 жылдығын, Ақылбай Абайұлының 160 жылдығын, Әріп Тәңірбергеновтің 165 жылдығын және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеміз. Осы айтулы күндердің құрметіне орай, қазақ әдебиетінде елеулі із қалдырған тұғыры биік тұлғалардың жеке заттары мен кітаптары қойылған көрмені салтанатты түрде ашып отырмыз», - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары санатты маманы Гүлнұр Шалатайқызы.

Оның айтуынша, музейге келушілер көрме кейіпкерлері өмірінің ажырамас бөлігіне айналған жұмыс үстелдері мен музыкалық аспаптарын көре алады.

Айта кетейік, көрме 24 мамырға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар