+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Семейдегі Мәңгілік ел көшесі ескі қала бейнесіне енбек

2020 жылғы 17 қыркүйек 13:20
Бөлісіңіз:
Семейдегі Мәңгілік ел көшесі ескі қала бейнесіне енбек

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы Мәңгілік ел көшесі өзгеріп, жаяу жүргіншілер аймағына айналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 55 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде Абайдың 175 жылдығы: Үнемделген 1,7 млрд теңге қайда жұмсалды – министрдің жауабы Қарағанды облысында ауқымды тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр

Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Facebook -тегі жеке парақшасында жазды.

«Семейде көпбалалы аналармен кездестім. Біз олардың басым бөлігіне өз жобаларын жүзеге асыруға, отбасылық бизнестерін дамытуға қолдау көрсеттік. Бүгінде көпбалалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алады. Өңірімізде қабылданған әлеуметтік жобалар бойынша барлық міндеттемелерді орындаудамыз. Бұл маңызды мәселе үнемі менің жеке бақылауымда, - деді ол.

Сондай-ақ аймақ басшысы Абай музейінде дарынды жас мүсінші Нұрбол Қалимен кездесті. Ол ұлдарының ортасында бейнеленген Абай мүсінінің авторы.

«Ескерткіш фотосурет негізінде жасалған. Онда Абай ұлдарымен бірге бейнеленген. Мұнда ол ең алдымен, отбасын жақсы көретін әке. Ал оның ұлдарының бейнесінде – бүкіл қазақ халқы. Қазір мүсін музей аумағында орнатылған, жақын арада ашылу салтанаты өтеді, - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, Мәңгілік Ел көшесі алдағы уақытта көркейе түспек. Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған аумақ болады. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Ескі қаланың бейнесін қайта жасауға тырысамыз. Көшедегі тарихи ғимараттар қалпына келтіріледі. Арнайы көне шамдар орнатылып, жарық жасалуда. Мәңгілік Ел көшесі Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналатынына сенімдімін, - деді әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT