Семейдегі мәдени-спорт кешенін «Елбасы арена» деп атау ұсынылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдің зиялы қауым өкілдері Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей қалалық мәслихатында зиялы қауым өкілдері, атақты спортшылар, еңбек сіңірген қайраткерлер, ардагерлер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, еріктілер қозғалысының белсенділері, жастар мен ірі кәсіпорындар жетекшілерінен құралған бастамашыл топтың хаты қаралды. Ол хатта Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атау ұсынылған.

Аталмыш бастама Елбасының мемлекетті қалыптастырудағы айрықша рөліне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көтеріліп отыр. Мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына шығарылып, оған 10 мыңнан астам адам онлайн форматта қатысты.

Қатысушылар пікірлерін назарға ала отырып, депутаттар осы мәселені қалалық мәслихат сессиясына шығаруды ұсынды.



Соңғы жаңалықтар