Семейдегі апат: 580 абонент жылусыз қалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жылу жүйесіндегі апатқа байланысты жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, 31 қаңтар күні таңертең Рысқұлов пен Синицин көшелерінің қиылысында жылу жүйесі істен шыққан.

«Осының салдарынан 580 абонент жылусыз қалды. Қазір сол жерде 11 адам мен төрт техника жұмыс істеуде. Тиісті шаралар кешкі 17-ге дейін аяқталады», - деп түсіндірді Семей тұрғын-үй инспекциясының басшысы Светлана Заурбекова.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жылу жүйесіндегі апаттан зардап шеккен ешкім жоқ.



Соңғы жаңалықтар