+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Семейдегі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші мәдени мұра тізіміне енгізілді

2021 жылғы 22 қазан 23:08
Бөлісіңіз:
Семейдегі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші мәдени мұра тізіміне енгізілді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында 9 мәдени ескерткіш жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың наурыз айында Семейдің тарихи-мәдени объектілерін сақтаудың 2021-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілген. Соған сәйкес,​ 9 тарихи және мәдени ескерткішті жөндеу, қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина мәлімдеді.

«Т.Кәукенов мешіті, Метиз-фурнитура зауытының ғимараты, Насос​ станциясы, Өрт сөндіру депосы, Спорт мектебі, губернатор үйі (қазіргі облыстық тарихи-өлкетану мұражайы), пошташы Липухин үйі (Ф.Достоевский әдеби-мемориалдық үй-мұражайы), Невзоровтар отбасы музейі және бір мұнаралы мешітке қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу көзделген. Сонымен қатар ШҚО әкімдігінің қаулысымен Мәңгілік ел мен Шугаев көшелерінің қиылысындағы Жеңіс саябағында орналасқан Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші мәдени мұра ескерткіштер тізіміне енгізілді», – деді ол.

Қаланың тағы бір маңызды нысаны - Ұранхаев көшесі, 17 мекенжайында орналасқан 1873 жылы салынған бұрынғы әйелдер гимназиясының ғимараты. Бүгінгі таңда ғимараттың меншік иесі - «Semey mall» ЖШС. Осы жылдың 25 ақпанында онда тарихи-мәдени сараптама жүргізу бастамасы көтерілген.

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының шешімімен аталған ғимаратқа жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру мақұлданды. Комиссия шешімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы арнайы комиссияға келісуге жіберілді», - деді бөлім басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT