Семейдегі Абай музейі оқушыларға онлайн-саяхат ұйымдастырды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы халыққа онлайн-лекциялар мен 3D саяхаттар ұсынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, Абайтану кабинеті мен ақын музейінің арасындағы шығармашылық байланысты дамыту мақсатында Абай ауданының мектеп-лицейі видеосабақ ұйымдастырған.

Танымдық сабақ аясында музей директоры Жандос Әубәкір оқушыларға хакімнің өмірі, әдеби мұрасы туралы айтып, балаларды музейдің құнды жәдігерлерімен таныстырды. Осындай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Айта кетейік, бүгінгі күні онлайн-экскурсиялар АҚШ пен Еуропаның ірі музейлерінде өткізілуде. Онда лекциялар, ойындар, 3D саяхаттар интернет ресурстары арқылы ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар