Семейде жылыту маусымы штаттық режимде өтуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласында жылыту маусымы штаттық режимде өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауа температурасының төмендеуіне және ЖРВИ өршуінің алдын алуға байланысты биыл Семейде жылыту маусымы уақытынан бұрын, яғни 25 қыркүйекте басталды. Жылуды әлеуметтік нысандарға және тұрғын үйлерге бірдей беру жоспарланған. Алайда алғашқы уақытта бірқатар аудан тұрғындары жылу берілмегеніне шағымданған еді. Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Елена Проскурякова бүгінде жылу беруде ешқандай қиындық жоқ екенін атап өтті.

«Жылу бәріне берілді. Бірақ бұл бір күндік емес, кезең-кезеңмен жүргізілетін жұмыс. Жылу қосуда ешқандай проблемалар туындаған жоқ. Бірнеше күннің ішінде жылумен барлық нысандар қамтамасыз етілді, - дейді ол.

Өткен жылы да қалада жылу жүйесіне қосу кезең-кезеңмен жүргізілген. Бастапқыда жылуға әлеуметтік және денсаулық сақтау нысандары, кейінірек тұрғын үйлер қосылды. Биыл жылу бәріне бір мерзімде берілген, аралары тек бірнеше күнді құрады. Бүгінгі таңда жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Қалада 18 қазандық және ЖЭО бар.


Соңғы жаңалықтар