Семейде жолда қалған адамдар құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық ТЖ мамандары «112» қызметіне 27 шақырымдық Семей-Знаменка тас жолының қиылысындағы 6 шақырымында УАЗ және ГАЗ-53 машиналары жолда қалғанын хабарлады.

Мал әкеле жатқан екі машина қыстаудан шығып келе жатқанда, қарға малтығып тұрып қалған. Оларды құтқару үшін ЖБ-7 жеке құрамының арнайы құтқару техникасымен 4 маман жіберіледі, деп хабарлайды ТЖ департаментінде. Зардап шегушілерге жету оңайға соқпады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, құтқару тобы айтылған жерге күн бата келеді. Жүргізушілерден басқа адамдарды автокөліктерге отырғызып, малы бар машиналар өздігінен техниктердің соңынан ереді. Барлығы тас жолға шыққан соң, құтқарылғандар ТЖД қызметкерлеріне алғыстарын айтып, одан әрі өздері жүріп кетті. 

Соңғы жаңалықтар