Семейде жер үйден өрт шығып, бір адамды күйік шалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Торайғыров көшесінде орналасқан барак үлгісіндегі екіқабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Тілсіз жау үйдің қабырғасына, шатырдың ағаш конструкциялары мен шаруашылық қора-жайларға жайылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жеткен.

«Көп ұзамай жалпы аумағы 50 шаршы метрді құраған қызыл жалын ауыздықталды. Өртті өз бетімен сөндірмек болған 1966 жылғы тұрғынның қолын термиялық күйік шалған. Оған жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, тілсіз жау қоқыс жағудың кесірінен шыққан. Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар