Семейде жаңа тарихи және мәдени ескерткіштер анықталуда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында тарихи ескерткіштерді айқындау бойынша құрылған комиссияның жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия екі бағытта жұмыс істеді: жаңа тарихи орындарды анықтау және бұрынғы мәдени ескерткіштерді зерттеу.

«Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тоқсан сайын байырғы тарихи-мәдени мұралар мен жаңа анықталған объектілердің құндылығын зерттеп, жылына кемінде бір рет жалпы мониторинг жүргізетін маманды штатқа енгізу ұсынылды. Табылған ескерткіштерді тарихи-мәдени мұра объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізудің орындылығын анықтау керек. Сондай-ақ қазіргі таңда зерттейтін тағы бірқатар ғимарат бар. Комиссия жұмысы ары қарай да жалғасатын болады», - деді комиссия төрағасы Рафаиль Хазипов.

Ал мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина алдағы уақытта аталмыш комиссиямен бірлесе отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді анықтау және сақтау жұмыстары жүргізілетіндігін айтты.


Соңғы жаңалықтар