Семейде «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» акциясы басталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Достық үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» акциясы басталды. Аталған акцияға түрлі салалардың өкілдері қатысуда. Олар дөңгелек үстел барысында мемлекеттің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктерімен бөлісіп, өз еліне деген мақтаныш сезімдерін жеткізді.

«Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Ол арқылы біз көптеген белестерді бағындырып, үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстанның жетістіктерін әркез мақтан тұтамыз. 1993 жылдың басында «Қазақ тілі» ұйымы құрылған болатын. Содан бері тәуелсіз мемлекетте өмір сүру дегеннің не екенін сезініп келеміз. Қысқа мерзім ішінде осындай дәрежеге жеткенімізді мақтанышпен айта аламыз», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбаев.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты акция қатысушыларының саны шектеулі болды. Жоба жыл бойы созылып, әлеуметтік желілерде өз жалғасын табады.


Соңғы жаңалықтар