Семейде суға батқан қызды құтқарамын деп көз жұмған жеткіншектің ата-анасына медаль берілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп көз жұмған 14 жастағы жеткіншектің ата-анасына медаль берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 шілде күні ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Әшімжанов Нұржігіт Қуанышұлы қайтыс болғаннан кейін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін»медалімен марапатталды. Марапаттау рәсімін Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ернар Жалелов өткізді. Өз сөзінде ол баланың ата-анасына көңіл айтып, батыр ұлды тәрбиелегендеріне алғыс білдірді.

«Оқиға 30 маусым күні болған. Нұржігіт достарымен Ертіс өзенінің жағасында демалып жүргенде суға батып бара жатқан қызды көріп қалады. Өзі жүзе алмаса да, оны құтқару үшін суға секірген. Жүзіп жетеді де қызды жағаға қарай итеріп жіберді. Осылайша, қыз аман қалған. Алайда Нұржігіттің судан шығуға шамасы жетпеді. Оны есінен танып қалған кезде сол маңдағы куәгерлер алып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жедел жәрдем қызметкерлері келіп жеткен соң жеткіншекке реанимациялық шаралар қолданғанымен, оны құтқару мүмкін болмады.


Соңғы жаңалықтар