Семейде соқтығысқан екі көліктің бірі жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында соқтығысқан екі көліктің бірі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше М.Жұмабаев көшесінде болған.

«Lexus LX570 маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісі қосалқы жолдан басты жолға шыға бергенде Mitsubishi Outlander көлігіне жол бермей қойған. Соққы салдарынан Lexus көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ғимаратқа соғылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Зардап шеккен адам Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар