Семейде өрт сөндірушілер жалын шарпыған дүкеннен 6 газ баллонын шығарып үлгерді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өрт сөндірушілер жалын шарпыған дүкеннен 6 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Гагарин көшесіндегі дүкенде шатырдың ағаш құрылымдары мен нан пісіретін электр пеші өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«Тілсіз жаудың жалпы ауданы 15 шаршы метрді құраған. Қызыл жалынды ауыздықтау барысында құтқарушылар дүкеннен 6 газ баллонын сыртқа алып шықты. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті өшіруге жеке құрамнан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылған. От электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан шығуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар