Семейде өрт сөндірушілер ерлі-зайыптыларды ажалдан аман алып қалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өртенген жер үйден ерлі-зайыптылар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 желтоқсанда сағат 23.04-те 14-ші линия көшесіндегі жер үйде өрт шыққандығы туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде жалын төргі бөлмедегі жиһазды, жеке заттарды және есікті шарпыған.

«Құтқарушылар үй ішінен 1967 жылғы әйел мен ес-түзсіз жатқан 1973 жылғы ер адамды сыртқа алып шықты. Оларға бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт сөндірушілер жалпы аумағы 8 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – мас күйде темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар