21:02, 26 Ақпан 2020 | GMT +6
Семейде ломбард қызметкері 4 млн теңгенің алтын бұйымдарын жымқырған
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында тәртіп сақшылары алтын бұйымдарды қолды қылған ломбард қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әуезов полиция бөліміне хабарласқан ломбард директоры 4 млн теңгенің зергерлік бұйымдары жоғалғанын айтқан. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері сол жерде жұмыс істейтін 21 жастағы қыздың ұрлық жасағанын анықтады.
«Белгілі болғандай, зергерлік бұйымдарды бағалаушы 5 ай бойы жымқырылған алтындарды құрбысының атынан басқа ломбардқа өткізіп отырған. Осыған орай ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.