Семейде қызметкерін 200 мың теңге пара беруге итермелеген станса басшысы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Жаңғызтөбе станциясының басшысы қарамағындағы адамды жұмыстан босату үшін 200 мың теңге алды деп айыпталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Семей бөлімшесіндегі Жаңғызтөбе станциясының басшысы К. И. Исмурзинге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы, 4 бөлігі және 367-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі аяқтады. К.И. Исмурзин қарамағындағы теміржол станциясындағы кезекші Е. К. Есенбаевты жұмыстан босату туралы оң шешім қабылдау үшін ШҚО көліктік бақылау инспекциясының лауазымды адамдарына 200 000 теңге көлемінде қолма-қол пара беруге итермелеген», - деді Д. Бигайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте.

22 маусымда Семей қалалық сотының үкімімен К. И. Исмурзиннің ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы, 4 бөлігі және 367-бабы, 2-бөлігі бойынша екі жылға бас бостандығы шектелді және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар