Семейде құтқарушылар өртенген үйден 3 газ баллонын шығарып үлгерді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласында құтқарушылар өртенген үйден 3 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қаңтарда Силикатный кентіндегі жер үйде өрт шыққан. Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер аттанды. Жалпы ауданы 7 шаршы метрге жеткен жалын қонақ бөлмедегі жеке заттар мен жиһазды шарпыған.

Тілсіз жауды ауыздықтау барысында №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ерлан Сейтенов, Дәурен Оралғазыұлы және Манат Кушеев 1960 жылғы тұрғынды құтқарды. Сондай-ақ үйден 27 литрлік 3 газ баллоны сыртқа шығарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар