Семейде күшті желге байланысты мектептер мен колледждерде сабақ болмайды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде күшті желге байланысты мектептер мен колледждерде сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Білім басқармасының мәліметінше, 2020 жылдың 29 қаңтарында Семейде жылдамдығы 6-12 м/с болатын күшті желге байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына және 1-2 курс колледж студенттеріне сабақ болмайды», - деп хабарлады ШҚО ТЖД-дан.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында кеше кешкісін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы тасжол жабылды.


Соңғы жаңалықтар