Семейде көтерме-тарату орталығы салынып жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көтерме-тарату орталығы салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде шаһарда «Jolaman» көтерме-тарату орталығының құрылысы қарқынды жүруде.
Республикалық тауар өндірушілер желісін құрудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаның құны – 1,5 млрд теңге.
«2025 жылға қарай елімізде 20 көтерме-тарату орталығын салу жоспарлануда. Олардың алғашқы бесеуі биыл пайдалануға беріледі. Семейдегі көтерме-тарату орталығының жалпы жер көлемі 11 га. Бұл Жоламан кенті ауданындағы бұрынғы «Сары» базары. Оның аумағын «Ақшың» корпорациясы сатып алып, ЖСҚ дайындап, құрылысы жұмыстарын бастады. Құрылысқа компания өз қаражатынан 1,5 млрд теңге жұмылдырды. Ал 473 млн теңге «Даму» қорының қолдауымен «ЦентрКредит» банкінен несие ретінде берілді», - деп хабарлады қалалық ақпарат орталығы.
Былтыр жазда басталған құрылыс жұмыстары қазіргі уақытта аяқталуға жақын. Бүгінгі күні онда қуаттылығы тәулігіне 50 ірі қара мал соятын қасапхана жұмыс істеуде.
Орталықтың құрылысы аяқталған кезде көтерме-тарату қоймалары, кросс-док, тоңазытқыш және мұздатқыш камералар іске қосылады.
Тәуелсіздік күні 200 орындық жәрмеңке ұйымдастыру жоспарланған. Бұл жерде аймақтағы тауарөндірішулер өз өнімдерін сататын болады.
- ШҚО-да қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті
- Елорданың орталық алаңы қалай түрленеді: Урбанистика орталығының нобайы
- Қазақстанның 11 облысында боран соғатыны ескертілді
- ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді
-
Өскеменде зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгесін ұрлап кеткен
-
ШҚО-да қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам