+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Семейде көпқабатты үйге лифт орнатамын деп көршілерінен 1 млн теңге жинаған алаяқ ұсталды

2021 жылғы 31 шілде 19:30
Бөлісіңіз:
Семейде көпқабатты үйге лифт орнатамын деп көршілерінен 1 млн теңге жинаған алаяқ ұсталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көпқабатты үйге лифт орнатамын деп көршілерінен 1 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда ер адам өзінің көңілдесі мен пәтер иесін өлтірді Шығыс Қазақстанда 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Көліктен бағалы заттар ұрлайтын алматылық ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 жастағы әйел адам көршілеріне үйге лифт орнатып бере алатындығын айтып, ақша жинастырған. Бұған сенген тұрғындар оған сұраған сомасын жинап берді. Алайда әйел сөзінде тұрмаған. Сөйтіп, көршілері Семей қалалық ПБ Әуезов полиция бөліміне келіп, арыз түсірді.

«Тергеу барысында алаяқтың лифт орнату сылтауымен ірі қаражатты иеленгені анықталды. Осы күнге дейін уәде етілген лифт орнатылмаған. Келтірілген жалпы шығын мөлшері – 1 000 000 теңгеден асады. Жауап алу кезінде әйел адам заңсыз жолмен тапқан ақшаны өз керегіне жұмсап қойғанын жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігіне сәйкес (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT