+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 29 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 30 сәуір 16:11
Бөлісіңіз:
Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 29 адам эвакуацияланды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 29 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-дағы демалыс базаларына туристерді қабылдауға рұқсат берілді Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметтегі сарбаздармен кездесті Өскеменде 5 көлік соқтығысты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 сәуір күні сағат 13.34-те Физкультурная көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Анықталғандай, от пәтерлердің біріндегі балконда шыққан.

«Оқиға орнына құтқарушылар жеткен кезде тілсіз жау 7-ден 8-ші қабаттың балконына тарай бастады. Өрт сөндіру барысында 29 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Сағат 14.12-де қызыл жалын толықтай ауыздықталған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өртпен күреске 7 техника мен жеке құрамнан 26 адам жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде отты абайсыз пайдалану немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болуы ықтимал.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT