Семейде көлік қаққан 63 жастағы зейнеткер көз жұмды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көлік қаққан 63 жастағы зейнеткер әйел қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше түнде Шәкәрім даңғылында болған.

«ВАЗ 21103» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті.

«Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған 63 жастағы жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.


Соңғы жаңалықтар