Семейде көлік алмақ болған ер адам алаяққа 700 мың теңге берген

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны көлік аламын деп алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПБ Әуезов полиция бөліміне 33 жастағы ер адам жүгінген. Өз сөзінде ол әңгімеге тартқан белгісіз біреудің «ВАЗ-21060» маркалы автокөлікті арзан бағаға сататындығын айтып, сендіргенін жеткізді.

Бірақ 700 000 теңге ақшасын алғаннан кейін алаяқ хабарсыз кеткен. Сол кезде алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полициядан көмек сұрады.

«Тәртіп сақшылары бұрын сотталған 27 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - деді Семей қалалық ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.


Соңғы жаңалықтар