+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Семейде қоғамдық орында маска тақпай жүргендерге 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

2021 жылғы 15 мамыр 20:17
Бөлісіңіз:
Семейде қоғамдық орында маска тақпай жүргендерге 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулерін сақтамайтындар әлі де анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды қаласының әуежайы мен теміржол вокзалына Ashyq енгізілді Коронавирус: Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын жапты Өзбекстанда шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест жүйесі қайта енгізіледі

Өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«14 мамыр күні Семей қаласында 298 объекті тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 5 фактісі тіркелді. Нақты айтқанда, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану объектілеріне маска режимін сақтамағандар анықталды. 379 210 теңге сомасына 3 хаттама толтырылды. Сондай-ақ бұрын тіркелген бұзушылықтар бойынша 87 510 теңге мөлшерінде 2 айыппұл өндірілді», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Курчатов қаласында тексеру барысында 29 нысан қамтылған. Ал Бесқарағай ауданында 21 объекті тексерілді. Карантин талаптарын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Сонымен қатар Үржар, Абай, Шемонаиха, Күршім, Зайсан және Аягөз аудандарында рейдтер жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT