06:29, 06 Сәуір 2020 | GMT +6
Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында қосымша шектеу шараларына сәйкес бүгін, 6 сәуірден бастап қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, маршруттағы автобустар саны 36% -ға дейін азаяды. Ал 7 сәуірден кейін қалаішілік бағдарларда тек 68 қоғамдық көлік қатынайтын болады, яғни автобустар 80%-ға қысқартылмақ.
«Төтенше жағдай кезінде автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көліктердің қай жерде келе жатқанын infobus қосымшасы арқылы біліп отыруға мүмкіндік бар», - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен мен Семей қалаларында қосымша шектеулер енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.