Семейде кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

58 жастағы ер адамның денесі Қарағайлы шағын ауданындағы құдықтардың бірінен табылған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, бірақ оқиғаның мән-жайын айтпады.

Мәйіттің көзге көрінетін дене жарақаттары болмаған және сараптамаға жіберілген.

«Газ анализатор көлігі құдықтың ішіндегіні тартып шығарған, оның түбінде мәйіт жатқан. Біздің құтқарушылар оны жердің бетіне алып шықты», - деді қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар