Семейде қар басқан тасжолда қалған 6 адам құтқарылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде құтқарушылар қалың қардың салдарынан жолда қалған 6 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 желтоқсанда сағат 18.40-та құтқарушыларға қаладан 15 шақырым жердегі «Семей-Қарауыл» тасжолында «Фольцваген Пассат» көлігінің генераторы бұзылып, егде жастағы екі әйел мен 4 ер адамның жолда қолғаны туралы хабар түскен.

«Белгілі болғандай, тасжолды қар басқандықтан оларға көмекке ұмтылған басқа көлік жете алмаған. Көп ұзамай оқиға орнына жеткен құтқарушылар жол талғамайтын «Нива-Марш» техникасымен азаматтарды Семей қаласына жеткізді» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте ТЖД облыс тұрғындарына «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы біліп отыруға болатындығын еске салды.

Соңғы жаңалықтар