+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Семейде «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті

2021 жылғы 3 тамыз 16:25
Бөлісіңіз:
Семейде «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда көлік бағдаршамға соғылып, бір адам мерт болды ШҚО-да көлік аударылып, 3 адам зардап шекті Оралда автобус пен жеңіл көлік түйісіп, 45 жастағы әйел ауруханаға түсті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін Семейдегі Селевин-Титов көшелерінің қиылысында болған. «ВАЗ 2109» және «КамАЗ» маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты.

«ВАЗ 2109» көлігінің жүргізушісі кабинада қысылып қалған. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Олар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамның аяғын босатты. Зардап шеккен азамат дәрігерлерге тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT