Семейде қала көшелерін жөндеуге 1 миллиард теңге бөлінді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде биыл қалалық бюджеттен Әуезов даңғылы мен оған іргелес көше жолдарын орташа жөндеуге 1 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһардағы айналма жолдан ет комбинаты ауданындағы Байғожина көшесіне дейінгі жол жөнделмек. Сондай-ақ Әуезов даңғылына іргелес Тарбағатай, Иртышская, Крестьянская және 410 квартал көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. Конкурс қорытындысы бойынша мердігер «ОблШығысЖол» ЖШС болса, қосалқы мердігер – «Фирма Азия» ЖШС. Әуезов даңғылы бойынша жұмыстарды аяқтау 1 қазанға жоспарланып отыр.

«Әуезов қиылысында көлік жүргізушілерінің жол апатына түсу қаупі жоғары еді. Қазіргі уақытта ол олқылықтың орны толтырылды. Бірінші ретте, айналма жолдан Селевин көшесіне дейін, одан әрі Селевиннен ет комбинатына дейін қамтылатын болады. Қажетті техника жұмылдырылған. Орташа жөндеуге – 3 жыл, күрделі жөндеуге – 5 жыл кепілдік бар», – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Динара Кәкенова.

Қаланың басқа аумақтарында да жол жөндеу жалғасуда. Бүгінде Елемесов көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Алтай, Севастополь, Синицин, Стальский және Грязнов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар теміржолшылар кентіне дейінгі жолға орташа жөндеу жүргізілген.


Соңғы жаңалықтар