Семейде иммундық плазманың әлемдік тәжірибеде қолданылуы талқыланды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында иммундық плазманың әлемдік тәжірибеде қолданылуы туралы вебинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қан орталығы Семей медициналық университетімен бірлесіп ZOOM платформасы арқылы иммундық плазманың әлемдік тәжірибеде қолданылуы туралы вебинар өткізді. Оның барысында дәрігерлерге Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда короновирус инфекциясымен ауырған науқастарды емдеуде антиковидті плазмаларды қолдану бойынша қосымша ақпараттар берілді.

«Иммунды плазманы қолдану қауіпті дертті емдеудің қосымша әдісі ретінде емдеу хаттамасына енгізілді. Өңірімізде осыған дейін де короновирус инфекциясын иммунды плазманы қолдану арқылы емдеу бойынша вебинарлар өткізілген», – дейді Семей қалалық қан орталығының транфсузиологы Айдана Муратова.

Шығыс Қазақстан облысында пандемия кезеңінде короновирусты емдеу және алдын-алу бойынша барлық әдіс-тәсілдер қолданылуда. COVID-19-дан сауығып шыққан донорлардың тізімдері жасалған. Бүгінде аймақ бойынша 3267 плазма дозасы әзірленді. Бұл республикада дайындалған дозаның 60% құрайды.



Соңғы жаңалықтар