Семейде грек-рим күресінен жастар арасындағы республикалық турнир өтіп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне грек-рим күресінен жастар арасындағы республикалық турнир жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары қатысуда. 200-ден астам спортшы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Бүгін турнирдың салтанатты ашылуына облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

«Бұл жарыс Олимпиада және Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өтуде. Жақсылықты біздің ұлттық қазынамыз деуге болады. Жарқын болашақта мыңдаған жас спортшыларымыз әлемдік бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс жалауын желбірететіндігіне сенімдімін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар