Семейде еріктілер жалғызбасты зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының еріктілері жалғызбасты зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттері «Біз біргеміз!» челленджіне қолдау білдірді. Қолға күрек ұстаған еріктілер жалғызбасты зейнеткерлердің қарын күреп берді.

«Осы акцияны Семей қаласының колледждері мен арнаулы білім беретін оқу орындарына жолдаймыз» - дейді студенттер.

Айта кетейік, 23 қаңтарда елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастаған болатын.


Соңғы жаңалықтар