+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Семейде екі жігіт зейнеткерді өрттен құтқарды

2021 жылғы 21 қаңтар 23:10
Бөлісіңіз:
Семейде екі жігіт зейнеткерді өрттен құтқарды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екі жігіт отқа оранған үйден зейнеткерді алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 қаңтарда түнгі сағат 01.00-де Паровозная көшесіндегі өрт туралы хабар түскен. Бірден оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанды.

«Жер үйдің дәлізі, ас бөлме, жиһаздар, тұрмыстық техника мен жеке заттар өртенген. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар үйден 1 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Анықталғандай, өрт сөндірушілер келіп жеткенше 70 жастағы үй иесін көршісіне қонаққа келген екі жігіт Станислав Коряковский мен Сергей Яцук құтқарып қалған.


«Өртті көрген олар еш ойланбастан көмекке ұмтылды. Жатын бөлменің терезесін балғамен сындырып, қарт кісіні сыртқа алып шыққан. Иіс тиген зейнеткерге жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл бейбіт күннің батырлары Станислав пен Сергейдің арқасы», - делінген ТЖД таратқан ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT