Семейде екі мыңнан астам мемқызметшіге баспана алу үшін 1,5 млн теңге беріледі

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметшіге баспана алуға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдан бастап Комсомол кентінде көпбалалы отбасыларға арналған он үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта шаһар бойынша тұрғын үй кезегінде 923 көпбалалы отбасы, 2141 толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 487 отбасы кезекте тұр. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында Семей қалалық Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова мәлімдеді.

«Осы санаттағы азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алады. Бағдарлама «Отбасы банкі» АҚ Семей филиалы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта мемлекет аталған бағдарлама бойынша тұрғын үй аламын дегендерге бастапқы жарна ретінде 1 миллион теңге көлемінде сертификат береді, - деді ол.

Қазан айының басында мемлекеттік қызметшілерге арналған бағдарлама әзірленді. Кезекте тұрған 5296 мемқызметкерден әлеуметтік саланың 2460 маманы іріктеліп алынды. Оларға Комсомол кентінен үй алу үшін алғашқы жарна ретінде 1,5 млн теңге берілмек.


Соңғы жаңалықтар