Семейде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Жәрмеңкеде 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Шараға 200-ден астам ізденуші және 30-ға жуық қала мекемелері қатысты. Атап айтқанда «Қаражыра» АҚ, «Семей машина жасау зауыты», «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты», «Семей цемент зауыты ӨК» ЖШС, «Семей Құрылыс материалдары»,« Каполиграф»,« Гордорстрой»,« Казахцемент»,« Daewoo Bus»,«Ертіс бройлер құс фабрикасы»,« Роза ВВК»,« Эйкос»,« Семей құю-механикалық зауыты »және басқа да кәсіпорын өкілдері бос орындар ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеде жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие.

«Жәрмеңке жұмыс берушілердің өтінімі бойынша өткізіледі. Бүгінгі шарада 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Шараға халықтың барлық санаттары қатысуда. Негізінен жұмысшы мамандықтарға қызығушылық зор. Жәрмеңке қала тұрғындары үшін қажет, өйткені мұнда халық жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, делдалсыз еңбек жағдайын талқылай алады. Жәрмеңкеден кейін біз талдау жүргізіп, қанша адам қатысып, қаншасы жұмысқа алынғанын есептейміз. Жалпы, жұмысқа орналасу көрсеткіші - 40%», - дейді жұмыспен қамту орталығының директоры Тұрсынбек Шинжин.

Қала тұрғындарына әлеуметтік жұмыс орындары мен ақылы қоғамдық жұмыстар да ұсынылды. Жоғары оқу орындары мен колледж түлектері үшін жастар тәжірибесі, сондай-ақ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және аумақты дамыту бағдарламасы шеңберінде кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби оқыту курстары туралы мәлімет берілді.

Соңғы жаңалықтар