Семейде ауа райына байланысты 1-11 сынып оқушылары бүгін мектепке бармайды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Оған сенсек, 2021 жылғы 7 желтоқсан күні Семей қаласында ауа райы күрт суытып, қалада көктайғақ болады.

Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Оқушылар сабақты онлайн форматта қашықтан оқиды.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланған болатын.


Соңғы жаңалықтар