Семейде атауы жоқ даңғылға Елбасы есімі берілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат. Семей қаласында атауы жоқ даңғылға ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысының жобасы дайындалды.

«Семей қаласының Қарағайлы ықшамауданындағы атауы жоқ даңғыл Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп аталсын», - делінген құжатта.

Айта кетейік, даңғыл Қарағайлы ықшамауданындағы «Семей-Павлодар» тасжолынан бастау алады. Сол жағында көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев Зияткерлік мектебі, ал оң жағында жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер мен балабақша орналасқан.

Осыған дейін Семейде атауы жоқ даңғылға Елбасы есімін беру ұсынылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар