Семейде аралда қалып қойған 2 адамға құтқарушылар көмекке келді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында аралдан қайта алмай қалған 2 адамға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 шілдеде құтқарушыларға Семейдегі Нахаловка ауданынан шақырту түсті. Онда 2 ер адам Ертіс өзенінен аралға дейін жүзіп өтіп, кері қайта алмай қалған.

«Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, оларды жедел түрде қайықпен жағаға жеткізді. Қазір ер адамдардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өз күшін асыра бағалаудың қауіпті екендігін еске салды.


Соңғы жаңалықтар