Семейде әл-Фарабидің мерейтойына орай республикалық ақындар айтысы өтеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семейде әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылмақ. Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина айтты.

Оның сөзіне сенсек, Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Жыл көлемінде республикалық және өңірлік деңгейдегі 20-дан астам шара өткізу көзделіп отыр.

«Ең ауқымдылары – «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Әбу Насыр әл-Фараби» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы – адамзат байлығы» республикалық ақындар айтысы болмақ. Сондай-ақ жас ақындар мүшәйрасы, ғұлама жайында театрландырылған қойылым және философтың туған жері Отырарға туристік сапар ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, барлық білім ордаларында танымдық шаралар, дөңгелек үстелдер өткізіледі», - дейді Назерке Аққожина.


Соңғы жаңалықтар