Семейде 7 мыңнан астам бала қоғамдық көліктерде тегін жүр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 7 мыңнан астам бала автобустарда тегін жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Ақпарат орталығының хабарлауынша, атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 18 жасқа дейінгі балалары, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер үшін шаһарда арнайы әлеуметтік карта жасалған.

«Осы орайда білім мен жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері бірлесіп арнайы тізім әзірледі. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Бағдарлама әкімшісі болып Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бекітілді. Бүгінгі таңда 7013 бала қоғамдық көліктерде тегін жүруде», - делінген мәліметте.



Соңғы жаңалықтар