+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Семейде 5 жылдың ішінде кезекте тұрғандардың барлығы баспаналы болады

2020 жылғы 4 наурыз 22:58
Бөлісіңіз:
Семейде 5 жылдың ішінде кезекте тұрғандардың барлығы баспаналы болады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында алдағы 5 жылдың ішінде кезекте тұрғандардың барлығы баспанамен қамтамасыз етілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр СҚО-да биыл оңтүстіктен қоныс аударғандарға 700-ден астам тұрғын үй салынады Қазақстанда ипотекалық төлемдер үш ай тоқтатыла тұрады

Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ермак Сәлімов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде шаһар бойынша тұрғын үй кезегінде 10 739 адам тұр.

«Бес жылда барлығына баспана беру жоспарланып отыр. Қалада құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы ретте, Қарағайлы шағын ауданын атап өтуге болады. 2019 жылы кезек күткен 210 адам қоныс тойын тойлаған еді. Оның ішінде 103 көпбалалы отбасы, 27 жетім бала және 86 адам әлеуметтік әлжуаз тобынан. Сонымен қатар өткен жылы 15 дәрігер мен 18 құқық қорғау органдарының қызметкері пәтермен қамтамасыз етілді», - деді әкім.

Ермак Сәлімов өз сөзінде кезекте тұрғандарға баспана беру үшін Қарағайлы шағын ауданын дамытудың бас жоспарына түзету енгізілгенін, дәлірек айтқанда аумағы тағы 90 гектарға кеңейтілгенін айтты. Бүгінде мамандар осы мақсаттағы 92 жобаны әзірлеуге кірісіп кеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT